Мемлекеттік аппарат қоғам қажеттілігіне жұмылуы тиіс – Айгүл Шайымова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік аппарат қоғам қажеттілігіне жұмылуы тиіс. Мұндай пікірді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Президенттің бюрократиядан арылту туралы Жарлығында мемлекеттік аппарат жұмысының басымдығы форма емес мазмұн болуы тиістігі нақты айқындалған. Бүгінде мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы операциялық қызметтердің ағымдағы күнделікті қайталаттын іске діттелген. Әдетте прогрестің жоқтығына бір өкілеттікті жүзеге асыру бірнеше мемлекеттік органға жүктелуі әсер етеді. Олар бөлек-бөлек жұмыс істейді әрі бір-бірімен өзара іс-қимылдың кешенді іс-шараларын әзірлеуді мақсат тұтпаған. Мәселен, елді мекеннің ішін сумен жабдықтауға әкімдіктер, ал ауылға инфрақұрылым тартуға орталық мемлекеттік органдар жауаты. Соған орай егер олар жұмыстарын бір-бірінен бөлек жоспарлайтын болса, онда әкімдік өз жұмысын атқарып, орталық мемлекеттік орган жұмысын аяқтамауы немесе керісінше болуы мүмкін. Қалай десек те елді мекен сусыз қалады», - деді Айгүл Шайымова Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, мұндай жайт тұрғындар тарапынан сынға ұшырап жатады.

«Мемлекеттік аппарат қоғамның, бизнестің проблемасы мен қажеттілігіне жұмылуы тиіс. Шешімдерді жедел әрі тиімді қабылдап, оларды өмірге сәтті енгізуі қажет. Мәселенің іс жүзінде шешілуін қамтамасыз ететін шынайы нәтиже мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін айқындаушы критерий болады», - деді агенттік төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар