«Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын азаматтық бақылау» акциясын өткізу барысында 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы бүгін Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын азаматтық бақылау» акциясын өткізу барысында «Жол картасы - 2010», «Ауыз су», «100 мектеп, 100 аурухана», «Нұрлы көш», «Денсаулық сақтаудың біртұтас жүйесі» бағдарламаларында орын алған бұзушылықтар бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, «Нұр Отан» ХДП-ның Қоғамдық кеңестерінде 2010 жылы қаржы полициясы органдарының басшылары 400 қабылдау ұйымдастырып, онда 1400-ден астам азамат қабылданған. Сондай-ақ өткен жылдың ішінде ғана партиямен бірлесіп «Сенің сыбайлас жемқорлыққа «Жоқ!» деуің маңызды», «Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын азаматтық бақылау», «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты акциялар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үздік жарияланым бойынша сайыс өткізілді.