14:50, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Мемлекеттік бюджет шығындарын 2012 жылы 6,3 трлн. теңгеден 2014 жылы 6,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда - Қ.Келімбетов
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бюджет шығындарын 2012 жылы 6,3 трлн. теңгеден 2014 жылы 6,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов осылай айтты.
Болжамданған түсімдерді және жоспарланған тапшылықтың төмендеуін ескере отырып, мемлекеттік бюджет шығындарын 2012 жылы 6,3 трлн. теңгеден 2014 жылы 6,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Шығыстарды ЖІӨ-нің 20 пайыз шегінде ұстап тұру экономиканың орнықты өсуі үшін қажет мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капиталдың жинақталуын және ішкі сұранысын қамтамасыз етеді», - деді ол.