Мемлекеттік дума РФ премьер-министрі қызметіне Д.Медведевтің кандидатурасын қолдады

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекеттік дума кезектен тыс пленарлық отырыс барысында РФ Үкімет басшысының қызметіне Д.Медведевтің кандидатурасын қолдады.
None
None

РБК-ның хабарлауынша, оның тағайындалуы үшін 299 депутат дауыс берді, тағы 144-і оған қарсы шыққан. Дауыс беру ашық үлгіде өтті. 

Д.Медведевтің кандидатурасын «Біріңғай Ресей» фракциясы мен Ресейдің Либералдық-демократиялық партиясы қолдаған, ал Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы мен «Әділ Ресей» қарсы шыққан. 

Д.Медведевтің РФ премьер-министрі қызметіне кандидатурасын сол күні Ресей Президенті қызметіне кіріскен Владимир Путин енгізді. Кешегі және ертеңгі күндердің ішінде Д.Медведев думаның барлық фракцияларымен өзінің РФ Үкіметінің басшысы болып тағайындалуына байланысты кеңестерін өткізеді.

Соңғы жаңалықтар