Мемлекеттік хатшы БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қарама-қайшылықтарды реттеу жөніндегі дипломатиясы аймақтық Орталығының басшысы Мирослав Енчаны қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында тараптар БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қарама-қайшылықтарды реттеу жөніндегі дипломатиясына қатысты өзекті деген мәселелерді талқылады. «Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара қатынастарды барынша кеңейтуге ұмтылып отыр. Бұл ең басты халықаралық ұйымдардың бірі. Біздің еліміз үшін ол басым бағыттағы мақсат. Сондықтан біз осы ұйым өкілдерінің Азия аймағындағы жағдайға барынша белсенді араласқанын қалаймыз. Ал аталмыш ұйым аясындағы Орталық Азиядағы қарама-қайшылықтарды реттеу жөніндегі дипломатиясы аймақтық Орталығының жұмысының жолға қойылуы өте дер кезінде қолға алынып отырған шара. Сондықтан осы аймақтың тығыз интеграциялануына мүдделі ел ретінде бұл бастаманы біз де қолдаймыз», деді Мемлекеттік хатшы. Оның пайымдауынша, бүгінгі дағдарыс интеграцияның аймақтағы барлық елдердің күш біріктіруге мүмкінік беретіндігін көрсетіп отыр. «Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының осы жұмысты қолға алғандығы өте орынды болды. Болашақта біз орталық өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін боламыз» деді Қ.Саудабаев. БҰҰ-ның өкілі Қазақстанның Орталық Азиядағы қарама-қайшылықтарды реттеу жөніндегі дипломатиясына қолдау көрсетіп отырғандығы үшін және Азиядағы жағдайдың тұрақты болуына елеулі үлес қосып отырған Қазақстанға ризашылығын білдірді.
Соңғы жаңалықтар