Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев АҚШ-қа сапар жасайды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ақпанның 2-сі мен 6-сы аралығында Құрама Штаттарға сапар жасайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігіне сілтеме жасап.Вашингтонда Қ.Саудабаев АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің өкілдерімен, жетекші парламентшілермен, оның ішінде сенатор Ричард Лугармен және АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының төрағасы Элси Хастингспен, сондай-ақ американдық сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сапар барысында Қ.Саудабаев «Ядролық қатерді азайту жөніндегі бастама» қорының атынан берілетін қонақасыға, сондай-ақ Карнеги Қорының қамқорлығымен өтетін жетекші сарапшылармен және талдамашылармен кездесуге қатысып, сөз сөйлейді.Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ, АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обама қатысатын дәстүрлі жыл сайынғы Ұлттық ғибадат ету ертеңгілік асына қатысады.
Соңғы жаңалықтар