Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекеттік инспектор жемқорлыққа әкеліп соқтыратын әрекеттері үшін қызметінен босатылды

АҚТӨБЕ.  15 тамыз. ҚазАқпарат - Қандыағаш көліктік прокуратурасы жемқорлық үшін жағдай жасайтын құқық бұзушылықты жасау фактісін анықтады.

Мемлекеттік инспектор жемқорлыққа әкеліп соқтыратын әрекеттері үшін қызметінен босатылды

Атап айтқанда Ақтөбе облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша департаментінің еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы «Қызылжар 2030» ЖШС-нің қызметін тексерді. Тексеріс барысында ол кәсіпорынның жұмысшыларының алдында жалақы бойынша өтелмеген қарызының бар екенін жасырып, сондай-ақ айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қолданбады.

Барлық белгілер бойынша прокурорлар лауазымды тұлғаның әрекеттерінен Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңындағы баптармен қарастырылған құқық бұзушылықтардың белгілерін көрді.

Қандыағаш көліктік прокуратурасының ұсынысымен сыбайластық құқық бұзушылықты жасағаны үшін еңбек бойынша мемлекеттік инспектор қызметінен босатылды.