Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды - ҚР Қаржы министрлігі

Дәулет Еділұлы Ерғожин - 1979 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1998) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша; Экономика және құқық университетін (2001) «Құқықтану» мамандығы бойынша; ЗиГСоІк (2003) іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан - «ҚазТрансОйл» ҰК АҚ клиринг департаментінің маманы болған. 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥К АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары.
2005 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ҰК АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары.2006 жылдың мамырынан - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі кеңесшісі.
2006 жылдан - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы.
2007 жылдан - ҚР қаржы вице-министрі. 2008 жылдан бері - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы болып қызмет істеген. Үйленген. Жұбайы бар, екі ұл, екі қыздың әкесі.