Мемлекеттiк қызметке түсерде үмiткердiң жеке ептiлiгiне де мән берiлмек

Оның айтуынша, көп ұзамай мемлекеттiк қызметке түсуге ниет танытқан үмiткерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары күшейтiлмек.
«Қазiргi уақытта оның жұмыс өтiлi мен жоғары бiлiмнiң болуы талап етiледi. Бiрақ мемлекеттiк қызметте жұмыс түрi әр түрлi келедi. Бiр жұмыс аналитикалық, яғни байыптылықты, бiр орында отыруды, құжаттармен жұмыс iстеудi талап етсе, екiншi бiрi ұйымдастырушылық қасиеттердi қажет етедi. Үшiншiсi халықпен жұмыс iстеудi, оларға кеңестер беруге негiзделедi. Соған байланысты қызметкерлерден түрлi машықтар, ептiлiк пен икемдер қажет болады. Сондықтан бiз мемлекеттiк қызметтегi барлық лауазымдарға функционалдық шолу жасаудамыз. Соған қарап, мемқызметшілер құзырының профилiн жасаудамыз. Яғни мемқызметке қажеттi машық, икем мен қасиеттердiң тiзiмi жасалады. Соған орай, бiз мемлекеттiк қызметке түсерде осы талаптарды бiлiктiлiк талаптарына енгiзетiн боламыз», - дедi ол.