Мемлекеттік қызметкерге инвестициялық пай қорларының салымшысы болуға, содан табыс табуға рұқсат беретін заң қабылданды - Парламент

Нәтижесінде құжат қабылданып, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілгендер қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі мемлекеттік шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес халықтың жинақтарын бағалы қағаздарға белсенді түрде инвестициялауға тартпай, бағалы қағаздар нарығын дамыту мүмкін емес. Бұл ретте мемлекеттік аппараттың өкілдері жеке инвесторлар тобының, оның «экономикалық» менталитеті мен көзқарасының қалыптасуына белсенді түрде септігін тигізеді деп болжануда. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметшілерінің өз жинақтарын қаржы құралдарына инвестициялау бойынша қажетті білімі және жұмыс тәжірибесі болуы маңызды болып табылады. Осыған байланысты заң жобасы заңнаманы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдарға инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға және олардан табыс алуға рұқсат ететін нормалармен толықтырылған.
Заңды қабылдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін, оның ішінде өз атынан емес бөгде адамдардың атынан, жасырын, бүркеншік атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу фактілерін азайтуға, азаматтардың инвестициялық белсенділігін және қаржылық сауаттылығын арттыруға, халықтың қаржы секторындағы мемлекеттік шараларға сенімін көтеруге жағдай жасайды.