Мемлекеттік қызметтердің және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды
Онда мемлекеттік қызметтердің және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету қызметін жетілдіруге, лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беруге, әкімшілік процедураларды оңтайландыруға бағытталған жұмысы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, министрлік қызметтерінің басты бағыттарының бірі - мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жетілдіру болып табылады. Азаматтардың әкімшілік реформа аясында өз конституциялық құқықтарын қамтамасыз етулері үшін негізгі бас ұстаным ретінде мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерінің стандартизациясы анықталған. Осы орайда министр аталмыш бағытта министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы айтып берді.
Сарапшылар берген материалдар талқыланып, сол материалдар негізінге Кеңес қазіргі уақытта әкімшілік кедергілер мен лицензияланатын қызметтерді азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс тиісінше жүргізілмей жатыр деген қорытынды жасады. Қарастырудың нәтижесінде лицензиялау мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметтерді жақсарту бойынша, сондай-ақ бизнесті ашып, жүргізу, шағын кәсіпкерлікті және азаматтардың мемлекетттік қызметтерді қолдануына барынша қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірленіп, қабылданды. Ұсыным да Үкіметке жолданды.