Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың бизнесмендердің жұмысына заңсыз араласуы тыйылмай отыр - Бас прокуратура

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан бизнесмендердің жұмысына заңсыз араласу фактілері әлі де болса тыйылмай отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан бұрын біз кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде шұғыл топтардың құрылғанын айтқан болатынбыз. Кәсіпкерлердің хабарламалары бойынша жүргізілген тексерулер мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бизнес өкілдердің жұмысына заңсыз араласуы әлі де тыйылмай отырғанын көрсетіп отыр», - деді ол.

Мысалға, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі, кәсіпкер Пузаковтың дүкен салу үшін жер телімін бөлу жөніндегі өтініші бойынша шешім шығаруды себепсіз созып келген.  Прокуратураның наразылығы бойынша әкімнің заңсыз әрекеті тоқтатылып, кәсіпкерге белгіленген тәртіп бойынша жер бөлінді.

Прокурорлар сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында анықтады.

«Осы ретте, кәсіпкерлер өз қызметтеріне заңсыз араласу фактілерін прокуратура органдарына хабарлауда біршама селқостық көрсетіп отырғандарын айта кеткім келеді. Заңсыз немесе негізсіз тексерулер фактілері туралы бизнесмендер тиісті сенім телефондарына хабарласуларына болады. Телефондардың номерлерін www.procuror.kz сайтынан көруге болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум