Мемлекеттік мекеме басшыларының жарық және жылуға төлемақыны кешіктіруі бюджетке ауыр тиіп жатыр ? Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының бюджеті өткен екі жыл ішінде 30 млн. теңге жоғалтты,

Мемлекеттік мекеме басшыларының жарық және жылуға төлемақыны кешіктіруі бюджетке ауыр тиіп жатыр ? Павлодар облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Себеп ? мемлекеттік мекемелердің келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындай алмауы, яғни, жарық пен жылуға төлемақының кешіктірілуі. Павлодар облысының прокуроры Нұрмахан Исаевтың айтуынша, негізгі талап-арыздар білім беру, денсаулық сақтау және қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қойылуда, өйткені олар энергиямен және жылумен қамтамасыз ететін ұйымдарға тиісті төлемақыны тым кешіктіріп жібереді. Облыстық басқарма басшыларының қатысуымен өткен прокуратураның алқа мәжілісінде бюджеттік қаржының өндіріс мақсатынан тыс жұмсалуын қысқартудың жолдары туралы мәселе көтерілді. Бұл ? лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру, заң бұзушылыққа итермелейтін себептерді жою және қаржы тәртібін нығайту.