Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады - Үкімет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады - Үкімет

«Көліктік сервис орталығы» АҚ (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын» делінген Қаулы мәтінінде.

«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республикалық меншікке береді.

«Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді.

«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, «Қазақтелекомның» 28,8 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылатыны хабарланған.

Мұнан соң ҚР Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақтелекомның» 28,8% акциясын мемлекетке сыйға беру арқылы табыстау процедурасының ықтимал құқықтық салдары туралы пікір білдірген болатын .