Мемлекеттік ономастикалық комиссия шығарған шешімдердің толық жинағы жарық көреді

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың аяғына дейін тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздің Мемлекеттік ономастикалық комиссиясы шығарған шешімдердің толық жинағы жарық көреді.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, терминология, ономастика және антропонимика саласындағы жұмысты жақсарту арқылы қазақ тілінің лексикалық қорын одан әрі жетілдіру мен жүйеге келтіру жөніндегі шараларды іске асыру көзделеді.

«Осығын орай, ономастика саласында атау беру жұмыстарының ашықтығын қамтамсыз етуге бағытталған заң жобасымен жұмыс жалғасуда. Бесжылдық мораторий кезінде қордаланған сұрақтарды ескерсек, осы заң жобасының шығуын еліміздің барлық өңірі асыға күтіп отырғаны баршамызға түсінікті. Жалпы, жыл соңына дейін тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекеттік ономастикалық комиссия шығарған шешімдердің толық жинағы жарыққа шығатын болады», - дейді Арман Қырықбаев.

Соңғы жаңалықтар