16:33, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекеттік органдардың жұмысы қазіргі дағдарыс жағдайында барынша ашық болуы керек
АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекеттік органдардың жұмысы қазіргі дағдарыс жағдайында барынша ашық болуы керек.

Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Дағдарыс және оны жеңудің жолдары» деп аталатын конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазіргі таңда экономикалық саясатта әлемдік деңгейде ықпалы бар беделді қандай да бір компания, не ұйым жоқ. Бұрын ол Бүкіләлемдік банк болатын. Қазір оның дәрежесі бұрынғыдай емес, беделі біршама түскен. Сол себепті қаржы дағдарысы кезінде әркім өз мүмкіндігіне сай әрекет жасап жатыр. Менің ойымша, мемлекеттік органдар дағдарыс жағдайында барынша ашық болуы керек», дейді экономист Ораз Жандосов. Оның сөзіне қарағанда, үкіметтің бизнеске бөлген қаржысы салық түрінде жиналған олардың өз қаражаты. Сол себепті оны өте айқын түсіну қажет. Ол инфляциядан қорғалмаған. Сол себепті Үкімет банк, айырбас бағамы, бюджет сияқты мәселелерде өз ұстанымын нақты айқындауы керек. Ұлттық валютамен жинақталған қаржы несиеге берілген кезде теңгемен берілуі тиіс. Бұл шара көптеген тәуекелдерді болдырмайды.