Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде Өскеменге ҚР Елтаңбасының авторы келді
Рәсім таңертеңгі тоғыз жарымнан бастап барша жұрт Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын орындап болғаннан кейін, Амфитеатрдан бастап Ертіс жағалауына дейінгі аралықта өтеді. Қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шеруге облыс орталығының еңбек ұжымдары қатысады.
Мемлекеттік Әнұранды ұжыммен орындауға барлық мектеп жанындағы балалар лагерлерінің оқушылары да қатысады.
Шеруден кейін спортшылар бірден «Қазақстан» тауының шыңына шығады, оған қалалықтар да қатысады. Бұл дәстүр қалада 5 жыл бұрын пайда болған. Жыл сайын тау шыңына шығып болғаннан кейін, мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтеді. Биылғы жылы мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдаумен жалғасады.
Өскеменде жоспарланған шара бүгін келген мерекенің арнайы қонағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтің қатысумен өтетіндігімен ерекше.
Мерекелік күннің екінші жартысында ол мектеп оқушыларымен кездеседі, жүздесу Оқушылардың шығармашылық сарайында өтеді. Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күні мерекелік шарасының соңы жастар концерті, байқаулар, би кеші және әралуан ұтыстар ұйымдастырылған - кешкі «Patriot» kz» жастар патриоттық шарасына ұласады.