12:22, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мемлекеттік сатып алу іс-шаралары отандық кәсіпорындарға бағытталатын болады ? Индустрия және сауда министрі
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ішкі нарықтағы сұранысты төмендетпеу мақсатында мемлекеттік сатып алу іс-шаралары отандық кәсіпорындарға бағытталатын болады.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған Индустрия және сауда министрлігінің алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда қазақстандық кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу іс-шараларына қатысу үлесі 8 пайызды құрап отыр. «Осы көрсеткішті арттыру мақсатында біз әрбір өндіріс ошағымен тікелей байланыс орнататын боламыз. Ал осы мәселемен айналысатын Өнеркәсіп жөніндегі комитеттің жанынан арнайы құрылым ашылмақ», - деді В.Школьник.