«Мемлекеттік сатып алу» өз интерфейсін жаңартты

АСТАНА. Мамырдың 20-ы. ҚазАқпарат - Қазнеттің ең көп қолданылатын порталы www.goszakup.gov.kz қолданушыларға жаңартылған түрінде ұсынылды. «Мемлекеттік сатып алу» өз интерфейсін жаңартты.

 «Мемлекеттік сатып алу» өз интерфейсін жаңартты

Интерфейстің жаңа редакциясын жасаушылар оның қолданушыларға әлдеқайда ыңғайлы болғанын атап өтті. Сайт навигациясының жүйесі жетілдірілген, сондай-ақ «сұрақ-жауап» айдары мен нұсқалары қойылған, 2009 жылдың мұрағаттық болжамына кіру мүмкіндігі сақталған. Заң талаптары мен ҚР Үкіметінің жақында қабылдаған Ел бірлігі доктринасына сәйкес сайт толығымен мемлекеттік тілге аударылған.

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС толықтырып отырған web-ресурс бүгінгі күні қолданушылардың рекордтық деңгейіне жеткен. Статистика күніне сайтқа 80 000 қолданушы кіретіндігін көрсетіп отыр.

Сондай-ақ www.goszakup.gov.kz сайты мемлекет үшін бюджеттік ұйымдарға арналған тауар мен қызметтің мемлекеттік сатып алуына бөлетін қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр. ҚР Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың өзінде электрондық мемлекеттік сатып алу былтырғы жылмен салыстырғанда 21 пайызды құрап, бюджеттің 4,6 млрд, теңге көлеміндегі қаражатын үнемдеген.