Мемлекеттік сатып алуда бағаға емес, сапаға басымдық беріледі - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында Президент Жолдауын іске асыру шаралар жоспарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік сатып алуда бағаға емес, сапаға басымдық беріледі - министр

«Аталған құжат экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілетін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне бағытталған алты бағыт бойынша 109 іс-шарадан тұратын жүйелі, салалық шаралар кешенін қамтиды», - деді министр.

Айтуынша, жаңа экономикалық саясат бағытында 22 іс-шара көзделген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданады. Соның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасынан бұрын сапа талаптарына басымдық беріледі», - деді ведомство басшысы.


Фото: t.me/KZgovernment