Мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі арқылы «Самұрық-Қазына» биылдың өзінде 13,5 миллиард теңге үнемдеді - Жұмағали Мыңжасаров

АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялардың мемлекеттік сатып алуларын электрондық күйде жүзеге асыру тауар өндірушілердің бәсекелестігін арттыруға өз ықпалын тигізуде. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Мемлекеттік сатып алу-2014» жиынында айтылды.

Мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі арқылы «Самұрық-Қазына» биылдың өзінде 13,5 миллиард теңге үнемдеді - Жұмағали Мыңжасаров

«Қазақстандық тауар өндірушілер мен қор арасында 1 триллионнан артық теңгенің 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімдік 5 мыңнан астам келісімдері жасалды. Оның 777-сі алматылық кәсіпорындармен жасалып отыр. Олардың жалпы көлемі 130 миллиардқа жуық теңгені құрайды», - дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Жұмағали Мыңжасаров. Ж.Ахметғалиұлының айтуынша, Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша көптеген компаниялардың ұзақ мерзімдік сатып алу жоспары жасалып, бекітілді. Бұл шара отандық өндірушілерді қолдап, олардың тауарларын тұтынуды кепілдендіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қор отандық тауар өндірушілермен 692 млрд. теңгенің 304 ұзақ мерзімді келісімін жасаған көрінеді. Оның 30 миллиард теңгелік 63 келісімі Алматы қаласы бойынша жүзеге асып отыр.