Мемлекеттік сатып алудың тәртібін бекіту үдерісі мемлекеттік сатып алуларды біршама баяулатты ? Алматы қаласының әкімі

АЛМАТЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес мемлекеттік сатып алудың тәртібін бекіту үдерісі мемлекеттік сатып алуларды ақпан айына дейін біршама баяулатты.
None
None
Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржованың қатысуымен өткен мемлекеттік сатып алу және электрондық сауда тәртібін түсіндіруге арналған алқалы жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің ашықтығына бағытталған шаралардың бірі ? электрондық сатып алу. Өкінішке орай, мемлекеттік сатып алу тәртібін бекіту рәсімдеріндегі қиындықтарға байланысты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері желтоқсан-қаңтар айларында мемлекеттік сатып алуды электрондық сатып алусыз өткізді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға өзгерістер қараша айында енгізілгендіктен оған уақыт тапшылық етті», дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала әкімінің айтуынша, кәсіпкерлер үшін әрбір күн санаулы. Сол себепті өндіріс көлемінде жұмыс орнын сақтау мен жұмысшыларға еңбекақы төлеуге мемлекеттік сатып алу тәртібінің жедел қабылдануының әсері өте үлкен. Сондықтан бұл жиында оны жан-жақты талқылап алдағы мемлекеттік сатып алуларды жаңа тәртіппен өткізу қажет. Ол сауданы өткізудің ашықтығын арттырып, мемлекеттік сатып алулардағы алматылық тауар өндірушілер мен қызмет түрін жеткізушілердің үлесін ұлғайтуға өз ықпалын тигізбек.
Соңғы жаңалықтар