Мемлекеттік сатып алулар бойынша комиссия мүшелерінің құқықтық сауаттылық деңгейін көтеруге екпін жасау керек - ҰҚК

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекеттік сатып алулар бойынша комиссия мүшелерінің құқықтық сауаттылық деңгейін көтеруге назар аудару қажет. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған кеңесте ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы Өсер Мизанбаев мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдарының назарына көбінесе жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комиссияның мүшелері ілігеді. Осы орайда ол бүгінде  мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы ары қарай жетілдіруге, сондай-ақ бұл саладағы құқықтық сауаттылық деңгейін көтеруге екпін беріліп отырғандығын жеткізді.

 «Көбінесе заңнама туралы толық білмейтін адамдар комиссия мүшелігінде болады және олар заңнаманы жақсы біліп, оны қалай айналып өту тәсілдерінен хабардар адамдардың жетегінде кетеді. Мемлекеттік сатып алулар саласында соңғы бір жарым жылда біз 31 қылмыстық іс қозғадық.  Оның 21-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты»,-деді Ө. Мизанбаев.

Оның айтуынша, осы аралықта  44 конкурстық комиссияның қызметінде сыбайлас жемқорлық тұрығысында  196 құқық бұзушылық анықталған.

Соңғы жаңалықтар