Мемлекеттік сатып алуларда 431 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары туралы ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар кезінде жалпы сомасы 431 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары туралы ескертті. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында мемлекеттік аудит және қаржылық қадағалау мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелде ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өткен жылы нысанға бару арқылы жүрзілген тексерулермен 170 млрд. теңге сомадағы 10 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Ал биыл камералық бақылау нәтижесі 431 млрд. теңге көлеміндегі 40 мыңнан астам рәсімдер бойынша бұзушылықтарға ескерту жасалды. Осы орайда нәтиже айқын көрініп тұр, бұзушылақтарға қатысты ескертулердің саны екі жарым есеге жуық артты. Сонымен қатар заң бұзушылықтарды дер кезінде жоюдың арқасында бүгінде 16 мың жағдайдағы сатып алулар тұрғысында нәтижелер қайта қаралды»,-деді Бекетаев.

Вице-министрдің айтуынша, посткеңестік кеңістіктегі елдерге қарағанда, Қазақстанда ғана сатып алулардың мемлекеттік алаңы жұмыс істеуде. Онда сатып алулардың барлық түрлері бойынша рәсімдердің 100 пайызы тек электронды түрде іске асырылады.

Бекетаевтың сөзіне қарағанда, бүгінде жүйе 100 пайыз деңгейде автоматтандырылған. «Электронды Қаржы министрлігі» жүйесі сатып алулар порталына ықпалдасқан, бұл өз кезегінде камералық бақылау жүйесін енгізуге мүмкіндік берді. Осы орайда аудиттің тиісті рәсімдері жүзеге асырылады.

Камералық бақылау келісімшарт бекіткенге дейін бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді екен.

Соңғы жаңалықтар