Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өткендерге жаза белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту туралы қылмыстық істі қарады.

Мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өткендерге жаза белгіленді

Іс материалдарына сәйкес, Ресей Федерациясының үш азаматы, соның ішінде кәмелетке толмаған бір жасөспірім, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден заңсыз кесіп өткен.

Олар Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Елек ауданы, Сухоречка ауылынан, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Успеновка ауылындағы туыстарына бет алған. Аталған азаматтарды ҚР ҰҚК шекара қызметінің шекарашылар жасағы ұстаған.

Сот үкімімен үш шетелдік азамат ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19 820 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қалған екі сотталушы 6 ай мерзімге бас бостандықтарынан айырылып, 5 жылға Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу жазасы тағайындалды.