19:26, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Мемлекеттік тілді тегін үйрену курстарының тыңдаушыларына куәліктер тапсырылды - Павлодар
ПАВЛОДАР. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық «Ана тілі» оқу-әдістемелік тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік тілді тегін үйрену курстарының тыңдаушыларына куәліктер тапсырылды, деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасы.

Осы жылы 17 топ бойынша 250 адам оқыды. Оның ішіндегі төртеуі Павлодар қаласы мен Успен ауылдарында, сондай-ақ Шарбақты және Железинка аудандарында ұйымдастырылған еді.
Павлодарда орталықтың тегін сабақтары Достық үйінде өткізіледі. Онда тілді үйрену үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, мультимедиалық кабинет, интерактивті тақта және тәжірибелі оқытушылар бар.
Өткен жылы «Ана тілі» орталығының қазақ тілі курстарына 270 адам қатысқан.