Мемлекеттік туды көтеру құрметі кез келген сарбазға рух береді - сержант Б.Сүлейменов.

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ішкі әскердің Бас қолбасшылығы бөлімшесінде Мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтті.
None
None

Ішкі әскер қатарында атқарып жүрген қалтқысыз қызметі үшін сержант Бауыржан Сүлейменов пен капитан Темірлан Бердібеков Мемлекеттік туды көтеру құрметіне ие болды. Ал ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскердің Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов үздік әскери қызметі үшін бірқатар сарбаздарға алғыс хаттарды табыс етті.

«Мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясы - қазақстандық патриотизмді күшейту. Сол себепті бұл мейрам Ішкі әсердің барлық бөлімшелерінде атап өтіледі. Әскери қызметін үздік атқарғандар Мемлекеттік туды көтеру құрметіне ие болады. Бұның өзі сарбаздарға рух беріп, Отан үшін мақтаныш сезімін күшейтеді», - дейді сержант Б.Сүлейменов.

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ішкі әскердің Бас қолбасшылығы бөлімшесінде өткен салтанатты шара мерекелік шерумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар