Мемлекеттің қолдауымен Павлодар облысында тігін цехы салынып, кен өндіретін кәсіпорын жаңғыртылады

ПАВЛОДАР. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар әкімдігі жанындағы аймақтық үйлестіру кеңесі 456 млн. теңгені құрайтын алты бизнес-жобаны мақұлдады,
None
None

деп хабарлады «Даму» Қоры АҚ-ның өңірлік филиалынан.  

 Бұлар жүзеге асқан кезде 27 жұмыс  орны құрылады.

Солардың бірі - «Мерусар и К» ЖШС. Бұл кәсіпорын төсек-орын, медициналық костюмдерді, медицинаға қажетті жабдықтарды дайындайды. Жоба құны 115  млн.теңге. Бұл қаржыға тігін цехы салынатын болады.

Ал құны 100 млн. теңгелік «Майкөбен-Көмір-Транс» ЖШС жобасы жүзеге асқан жағдайда халықаралық желіде жүк тасымалдау жақсармақ.

Соңғы жаңалықтар