Мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғайды

АСТАНА.KAZINFORM —  Жедел деректерге сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар–сәуір аралығында мемлекеттік бюджеттің кірісі 113,8% орындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғайды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— Жоспар бойынша 6,7 трлн теңге көзделіп, іс жүзінде 7,6 трлн теңге түсті. Жоспар 925 млрд теңгеге артық орындалды. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 1,4 трлн теңгеге немесе 21,7% артты, — делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.

Оның ішінде:

— республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 102,3% орындалды немесе жоспар бойынша 4,3 трлн теңге болжанып, іс жүзінде 4,4 трлн теңге түсті. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда өсім қарқыны 128,2% немесе абсолютті мәнде 971,3 млрд теңгеге ұлғайды.

— жергілікті бюджеттердің кірістері 134,5% орындалды немесе жоспар бойынша 2,4 трлн теңге болжанып, іс жүзінде 3,2 трлн теңге түсті. Өсім 2024 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 113,7% немесе 387,2 млрд теңгеге артық орындалды.

— Аталған кезеңде қабылданған салық және кедендік әкімшілендіру мен оларды цифрландыру жұмыстары арқылы қосымша 300 млрд теңге түсті, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік биыл 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

Соңғы жаңалықтар