Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Мейрамбек Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мейрамбек Маратұлы Ахметов
Фото: Үкімет

Мейрамбек Маратұлы 1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдалар министрлігі «АЖТ орталығы» РМК бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2005–2007 жылдары – ҚР Төтенше жағдайлар министлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.

2007–2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Қаржылық заңнама басқармасының бас маманы, бас сарапшысы.

2009–2013 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013–2016 жылдары – Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

2016-2023 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Заң бөлімінің басшысы, Заң департаментінің директоры.

2023–2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы заң департаментінің директоры

2024 жылғы маусымнан бастап соңғы тағайындауға дейін «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Кадрлық әкімшілендіру және жалақыны есептеу департаментінің директоры.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Рапиков Туризм және спорт вице-министрі болды.

Соңғы жаңалықтар