«Мемлекеттік грант алуға көмектесем»: Алматы облысында 5 млн теңге жымқырған әйел ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында мемлекеттік грант алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен азаматтарды WhatsApp мессенджері арқылы алдап келген әйелдің заңсыз әрекеті әшкереленді.

миграционная полиция
Фото: Polisia.kz

Облыстық полиция мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданында жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдікті адамдарды алдап, 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды.

— Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аясында оның заңсыз әрекеттерінің 10-нан астам эпизоды тіркелді. Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті барлық қажетті тергеу шараларын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, алаяқтар енді медицина мекемелерінің атын жамылып әрекет ете бастағанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар