Мемлекеттік қызмет көрсетуде 45 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды
Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету саласына мониторинг жасалды, деп хабарлайдыKazinform.

«Қазір біздің агенттік мемлекеттік қызмет алушылардың құқығын қорғауға бағытталған алдын алу шараларына басымдық беріп жатыр. Іс-шаралар қызмет көрсетушілердің заңға қайшы әрекеттерінің себептері мен мәселені анықтауға бағытталған», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласында 195 профилактикалық іс-шара өтті.
«45 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, оның 58%-ы әкімдіктерге тиесілі болып отыр. Заңбұзушылықтардың 51%-ы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімді бұзу (18,8%), артық құжаттарды талап ету (29,5%) және қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту (2,8%)», - дейді ол.