Мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллект курстары міндетті болады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік қызметшілер үшін жасанды интеллект курстары міндетті болады. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

ЖИ
Фото: publicdomainpictures.net

Вице-премьердің атап өтуінше, мемлекеттік қызметшілерді жасанды интеллект дағдыларына үйрететін Qyzmet AI бағдарламасы қолға алынған. Бүгінде 50 мың мемлекеттік қызметші ЖИ саласындағы дағдыларын жақсарта түсті.

- Уақыт өте келе мемлекеттік қызметшілер үшін жасанды интеллект курстары міндетті болады. Яғни, егер адам жасанды интеллект курсынан өтпесе немесе аталған дағдыларды меңгермесе, онда ол мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Біз мұны дұрыс деп санаймыз. Өйткені, мемлекеттік қызметіміз бюрократиямен күресу үшін бәсекеге қабілетті, тиімділігі, өнімділігі жоғары болуы тиіс, - - деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін колледж оқытушылары жасанды интеллект құралдарын меңгере бастағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар