Мемлекеттік комиссия энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарады

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында орын алған технологиялық ақаулардың себе,ін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

в
Фото: Үкімет

Онда Энергетика министрлігі мен «KEGOC» АҚ компаниясы бірінші басшыларының технологиялық ақаудың себебін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын жетілдіру, мемлекетаралық түйісу тораптарында аварияға қарсы автоматиканың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Басты назар тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауға, шекаралас мемлекеттермен жүйеаралық байланыстарды қамтамасыз етуге, Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3, «Түркістан» бу-газ қондырғысы және басқа да энергетикалық нысандардың маневрлік генерациясын дамытуға аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға технологиялық ақауды тексеру қорытындылары бойынша іс-шаралардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі Қазақстанда электр энергиясының профициті мен көршілес елдерден энергияны импорттауға қатысты түсінік берді.