Мемлекеттік компаниялар бюджетке төлейтін дивидентін толық аудармай жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекетке тиесілі акциялардан бюджетке дивиденд төлеу жоспары 11 айда 79,3 пайыз орындалған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде айтылған.

Банк акционерлері алатын дивиденттеріне салық төлеуі мүмкін
Фото: freepik.com

Жоспар бойынша республикалық меншіктегі акциялардан бюджетке 207,7 млрд теңге дивиденд түсуі керек болған. 11 айдың қорытындысында 164,8 млрд теңге түскен. Оның ішінде ұлттық холдингтерден түскен 61,2 млрд теңге жоспарда болмаған.

2025 жылы қабылданған жаңа Бюджет кодексінде әрбір ұлттық компаниядан бюджетке төленетін дивидендтердің көлемі кемінде 50%-70% аралығында болу керек деп көрсетілген. Бұрын мұндай ең төменгі шек жоқ еді.

Соған қарамастан 2026-28 жылдарға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік компаниялардан түсетін жыл сайынғы дивидендтің жоспарлы көлемі 2024 жылы төленген дивидендтерден екі есе аз бекітілген. 

Соңғы жаңалықтар