Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына Азамат Хасеновтің тағайындалғанын хабарлады.
- Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.
Айта кетейік, Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғаны хабарланды.