Мен әрбір қазақстандық тәуелсіздігіміздің табыстарын сезінетіндей міндет қоямын - Мемлекет басшысы

«Мен әрбір адам өз өмірінде біздің тәуелсіздігімізді сезінетіндей міндеттер қоямын, ал табыстарымыз баршылық. Бұл жайында 20 жылдыққа дейін тағы да айтатын боламыз. Қазақстан осы жылдары тәуелсіздіктің арқасында мүлдем басқаша өзгергенін әркім сезінуі тиіс деп ойлаймын», - деді Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарының соңында журналистерге берген сұхбатында.
Қазақстанда бұл жылдары жаңа ұрпақ тәрбиеленіп өсті, жаңа экономика құрылды, деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
«Қазақстан әлемге танылды, экономикамыз қарқынды даму үстінде, бізді әлемдегі ең бақуатты мемлекеттердің өзі тани бастады, мұның бәріне еліміздегі тұрақтылықтың, әртүрлі ұлыстар достығының, толеранттығының және шыдамдылығының арқасында қол жеткізілді», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы осы игіліктерді сақтауға шақырды.
«Сонда табыс та бізде болады», деп түйіндеді Елбасы.
Қазақстандағы индустриялық бағдарламаның арқасында 350-ге жуық нысан іске қосылып, 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын еске салып өтті Ұлт көшбасшысы.
«Бұл мыңдаған қазақстандық отбасылары жұмыс істеп, өмірлерін жақсартуға мүмкіндік алатынын білдіреді»,- деді Н.Назарбаев.
Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылай келе, ҚР Президенті өңірдің тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
«Бұл - Қазақстанның индустриялық орталығы. Осында энергетика, көмір, қара және түрлі-түсті металлургия, машина жасау, химия өндірістері және ауыл шаруашылығы бар. Өңір қарқынды дамып келеді. 49 жаңа нысан іске қосылуда, оның ішінде Қазақстан үшін мүлдем жаңа өндірістер де бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы жаңа салалардың ішінен ұшақтар шығаратын зауытты атап өтті.
«Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығына қажетті ұшақтарды шығара бастаймыз. Одан кейінгі кезеңде реактивті қозғалтқышты және жолаушыларға арналған шағын ұшақтар шығарыла бастайды», - деп атап өтті ҚР Президенті.