Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Мен дауыс бердім!»: Ұлытауда арнайы фотоаймақ әзірленді

ҰЛЫТАУ.KAZINFORM — Ұлытау облысында дәл осындай тақырыппен арнайы фотоаймақ дайындалды. 

фотозона
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Бұдан бөлек, белсенді жастар «Мен дауыс бердім!» жазуы бар арнайы брендтелген футболкаларды киіп, бекітілген сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық таңдауларын жасады.

Ұлытау облысында азаматтардың сайлау белсенділігін арттыру, тұрғындардың қоғамдық - саяси өмірге қатысуын ынталандыру және дауыс берудің маңыздылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Мен дауыс бердім!» тақырыбында 8 арнайы фотоаймақ ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген азаматтар осы жерде суретке түсіп, өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында бөлісіп жатыр. 

фотозона
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Фотозона сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың назарын аударып, азаматтардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруда. 
Жастардың бұл бастамасы өз қатарластарына азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетіп, сайлауға қатысуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Жалпы, ұйымдастырылған бастама азаматтық белсенділікті арттыруға, жастардың қоғамдық өмірге араласуын қолдауға және тұрғындардың сайлау процесіне қатысу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Мұндай қоғамдық бастамалар азаматтардың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауына және сайлау процесінің маңыздылығын айқындауға ықпал етеді.