Мен тартысты жекпе-жек күтемін - Санчес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес алдағы мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz
None
None

«Мен тартысты жекпе-жек күтемін, себебі екі боксшының да стилі ерекше.     «Канело» жұдырық алмасудан қашып, алыс қашықтықта айқасады деп ойламаймын. Олай болғанда жанкүйерлері оны кешірмейді.  Бұл жекпе-жекті күтіп, екі жыл жоғалттық, енді сол мүмкіндік туып отыр.  Мұны қол қоюы бес жылға созылған Мэйвезер - Пакьяо жекпе-жегімен салыстырған  орынды.  Головкин  жасына байланысты күші азайды деп санайтындар да бар.   Оған   Джейкобспен болған соңғы айқасын дәлел көреді.    Оларды  16 қыркүйекте   керемет тосынсый күтіп тұр!  Иә, «Канело»  бокста шебер қимылдайды. Бірақ мен ауыз ашып, көз жұматындай   нокаутшыны көріп тұрғаным жоқ, - деді Санчес   ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин - Альварес  жекпе-жегі  16 қыркүйекте   Лас-Вегаста «T-Mobile Arena-да» өтеді. 1XBET  букмекерлік кеңсесі  мынадай коэффициенттер ұсынады:   Головкиннің жеңісі - 1.68,  Альварестің жеңісі  - 2.65, тең ойын  - 23.

Соңғы жаңалықтар