12:11, 26 Қараша 2024 | GMT +5
Мереке Көшекбаев ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қобасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Осыған дейін екі әскери лауазым иесі қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.