Мереке күндері елордалық полицейлер мен дәрігерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Конституция күніне байланысты қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлады astana.kz.
None
None

Қала көшелерінде және адамдар көп жиналатын жерлерде патрульдік қызмет наряды көбейтіледі, көлік құралдарының қалаға келуі мен шығуын бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, елордалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, халықтық серуен өтетін жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық жәрдем көліктері кезекшілік ететін болады. Мереке және демалыс күндері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар тұрғындарға жедел және медициналық көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар