Мереке күндері ШҚО-да өрт салдарынан 7 адам қаза тапты

Риддерде шыққан өртте екі адам қайтыс болды. Өрт 130 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 3 автоцистерна мен 12 құтқарушы жұмылдырылды. Барлау кезінде ас үйде 1962 жылы туған азаматтың, жататын бөлмеде 1987 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
2 қаңтарда полицейлер Төтенше жағдайлар қызметіне «Металлург-6» бақша қоғамдастығының саяжайлық үйде 2 адамның: 1992 жылы туған қыз бен 1975 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Үйде ескі нәрсемен жабылған пеш өңеші байқалды. Бұл өрт қауіпсіздігіне қайшы. Алдын ала болжам бойынша азаматтар иіс тиіп өлді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ал Семейде 2 иесі бар жеке үйден шыққан өртте үш ер адам қаза тапты. Олардың мәйіттері жататын бөлмеден табылды. 1986 жылы туған тағы бір ер адамды құтқарушылар аман сақтап қалды. Оның арқасы I дәрежелі күйікке, денесінің кей жерлері II дәрежелі (денесінің 3%) күйікке шалынды. Жапа шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Олардың барлығы мас күйде болғаны анықталды. Өрттің шығу себебі ретінде отты абайсыз пайдалану, мас күйде абайсыз темекі шегу, сонымен бірге электр жабдықтарын жинақтағанда және пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі техникасының сақталмауы нұсқалары қарастырылып жатыр.
Мереке күндері облыста 20 өрт оқиғасы тіркелді. Оттың шығуына негізінен оны абайсыз пайдалану себеп болған. Адамдар мас күйде болған немесе пешті дұрыс қарамаған, электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбаған, деп мәлімдеді ТЖД.