Мэрилин Монроның бұрын кездеспеген суреттері аукционда сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мэрилин Монроның бұрын кездеспеген суреттері аукционда сатылады, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Суреттер 1962 жылы актрисаның көз жұмуына бір ай қалғанда түсірілген. Сол кезде ол 36 жаста болған, деп жазады epochtimes.ru. Мэрилин Монроны бұл суреттерге оның жақын досы әрі кәсіби фотограф Джордж Баррис түсірген. Осы кезге дейін көзі тірі фотограф әйгілі актриса жайлы былай деген екен: «Маған Мэрилиннің өзін киножұлдызбын демей, қарапайым ұстайтындығы ұнайтын. Ол түсірілім алаңындағы барлық адамға бірдей қарап, сыпайы сөйлесетін. Екіжүзділік пен менмендік оған мүлде жат қасиеттер еді».

Суреттер Лондонда 4 маусымда өтетін Блумсбэри аукционында сатылады. Тап қазір оның әрқайсысы 1 жарым мың долларға бағалануда.

Соңғы жаңалықтар