Мерке стансысында Тәжікстаннан келген есірткі тасымалдаушы ұсталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Мерке теміржол стансысында героинмен тәжікстандық азамат ұсталды,
None
None

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Бішкек-Мәскеу бағытындағы №27 пойызды тексеру кезінде жолаушылардың біреуі шекарашылардың күдігін туғызады. Әлгі азаматтың жүгін тексеру барысында 2,850 келі героин табылған.

Ұсталған азамат Тәжікстан азаматы болып шықты. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар