«Мешін жылы» және «Шыбыншы торғай» ескерткіш монеталары айналысқа шығарылды (ФОТО)

«Мешін жылы» монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада - «Ag 925 31,1 g», алтыннан жасалған монетада - «Au 999 7,78 g») білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2016 жылдың символы - мешін бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.
Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.
Монеталар:
1) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 гр, сипатталған шеңберінің диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 3 мың дана;
2) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы - 7,78 гр, сипатталған шеңберінің диаметрі - 21,87 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 1 мың дана.