13:08, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Месси Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты шабуылшы Лионель Месси Америка-2016 кубогының финалындағы жеңілісінен кейін Аргентина футбол құрамасындағы уақытының аяқталғандығы туралы мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Жексенбі күні АҚШ-та өткен ақтық финалда аргентиналықтар Чили командасынан пенальти кезінде 2:4 есебімен жеңілді, ал Лионель Месси өзінің он бір метрлік жердегі соққысын жүзеге асыра алмай қалды.
«Мен үшін Аргентина құрамасында бәрі бітті. Бұл менің шешімім», - деді 29 жастағы форвард.
17 жасынан бастап испандық «Барселона» командасының ойыншысы болып келген Лионель Месси - қазіргі таңдағы ең үздік футболшылардың бірі. Ол бес рет «Алтын доп» иегері атанды.