Мейір Рахметқалиев арқан тартыстан Қазақстанға үшінші алтын әкелді
АСТАНА. KAZINFORM — VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан үшінші алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметі.
— 1×1 дисциплинасында Мейір Рахметқалиев қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды. Осылайша, қазақстандық арқан тартушылар барлық 8×8, 4×4 және 1×1 дисциплиналарында топ жарып, ел қоржынына қатарынан үш алтын медаль салды, — делінген комитет таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел құрамасы арқан тартыстан қос алтын еншілегенін жазғанбыз.