Мейрамбек Беспаев пен басқа да жұлдыздар шығысқазақстандықтармен футбол ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйек күні Өскемендегі Шығыс стадионында қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Қала күніне арналған жолдастық матч өткізеді. Олардың қарсыласы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы болмақ.

Мейрамбек Беспаев пен басқа да жұлдыздар шығысқазақстандықтармен футбол ойнайды

Бұл туралы танымал әнші Қайрат Нұртастың фан-клубының Инстаграмдағы парақшасында хабарланған. Өнер жұлдыздары құрамасында Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы сынды әншілер мен «Нұр-Мұкасан», «Rin'Go», «Mysterions», «Перцы» тобы және басқа да сахна жұлдыздары бақ сынайды. Жолдастық кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады. Матчтан кейін отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.