Мейіржан Байғонысов Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мейіржан Байғонысовтың Президент Әкімшілігі Инвестиция және сауда бөлімінің меңгерушісі болғанын хабарлады.
- Мемлекет басшысының өкімімен Мейіржан Нұрбекұлы Байғонысов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне Бахтияр Жазықпаев тағайындалды.