Microsoft Қазақстан компаниясы мүмкіндігі жоғары Office 2010, SharePoint 2010, Visio 2010 және Project 2010 бағдарламаларын жарыққа шығарды

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Microsoft Қазақстан компаниясы соңғы шыққан бағдарламаларының мүмкіндіктерімен таныстырып, семинар өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш компанияның кеңселік қосымша бизнес-тобының басшысы Виктор Дубовцев бағдарламалардың бұл нұсқасында бірнеше қызметкер бір мезгілде жазба кітапшасын жаңарта алатындығын және оған жалпы қол жеткізе алатындығын айтады. «Жұмыс тобының әрбір қатысушысы құжатпен жұмыс істейтін желіге қосылған пайдаланушылардың тізімін қарай алады және олармен нақты уақыт режимінде сөйлесу мүмкіндігі бар. Қарау барысы қолайлы болу үшін барлық өзгерістер жанып тұрады», дейді В.Дубовцев.

Бағдарламалардың бұл нұсқасы жарық көргендігі ағымдағы жылдың 12-ші мамырында жарияланған.

Сондай-ақ В.Дубовцев қазіргі уақытта Office 2010 өнімі 14 тілде шыққандығын және жақын аралықта 94 тілдегі нұсқасы жарық көретіндігін жеткізді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі нұсқасына да қол жеткізетіндігін айтты.

Семинарға ІТ-мамандары, бөлімше басшылары және MicrosoftOffice өнімін пайдаланушылар қатысып, жаңадан шыққан өнімнің мүмкіндіктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жатты.

Соңғы жаңалықтар